Бастапқы бет/Веб-сайт пайдалану шарттары

Веб-сайт пайдалану шарттары

fhb.kz сілтеме бойынша орналасқан «First Heartland Bank» АҚ ресми сайтын (әрі қарай – Сайт) пайдалануды бастар алдында, Сіздің төменде келтірілген Сайтты пайдалану ережелерімен (әрі қарай – Ережелер) танысып шығуыңызды сұраймыз.

1. Жалпы ақпарат

1.1. Сайттың мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие. Сайтта аталған қызметтерді көрсету шарттары Банк үшін тек олар Банк пен клиент арасында жасалатын шартқа енгізілген жағдайда ғана міндетті болады.

1.2. Банк Сайтқа келушілерді алдын ала хабарландырусыз Сайттың мазмұнын және құрылымын кез келген уақытта және бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

1.3. Егер Банк тікелей өзгеше көрсетпесе, Сайтта көрсетілген ақпарат оферта, ұсыныс немесе Банктің қызметтерін сатып алу туралы өтініш болып есептелмейді.

1.4. Банк Сайтта қамтылған ақпараттың Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жарияланған ақпараттан басқа әрдайым дәл әрі толық болатынына кепілдік бермейді.

1.5. Банк Сайтта көрсетілген қызметтердің және/немесе өнімдердің қолжетімділігіне кепілдік бермейді.

1.6. Банктің пікірінше, Сайтта ұсынылған ақпарат сенімді дереккөздерден алынған, дегенмен бұл әр пайдаланушының Сайтта көрсетілген ақпаратты және оның жарамдылығын өздігінен бағалау міндетін жоққа шығармайды.
1.7. Осы сайтта қамтылған ақпараттың өзектілігін сіз «First Heartland Bank» АҚ кез келген бөлімшесінде немесе Банктің Call center телефондары бойынша тексере аласыз.

2. Жауапкершілік

2.1. Банк Сайтты пайдалану нәтижесінде, соның ішінде Банкке немесе оның өкіліне Сайттағы қателер туралы белгілі болған жағдайларда, туындаған қандай болмасын шығындар мен залалдар үшін жауапкершілікті көтермейді. Сайтта орналастырылған құжаттар нысандарын толтырмас бұрын, контакт-орталығы телефоны арқылы Банк өкілімен байланысқан жөн.

2.2. Банк Сайтты немесе онда көрсетілген ақпаратты пайдалану нәтижесінде немесе Сайтта ұсынылған қызмет, өнім немесе Сайттың өзі не оның бөлігі қандай болмасын себеппен қолжетімсіз болған, немесе Сайт жұмысы тоқтатылған немесе үзілген себеппен туындаған залал үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды.

3. Бөгде ресурстарға сілтемелер

3.1. Сайтта үшінші тараптардың бастапқы беттеріне сілтемелер қамтылуы мүмкін. Банк үшінші тараптар сайттарының мазмұны және соларда ұсынылатын қызметтер үшін, сонымен қатар, Сайтта орналастырылған мәтіндік сілтемелердің пайдаланылуымен осындай сайттарға кіріп-шығу нәтижесінде туындаған залал не зиян үшін жауапкершілікті көтермейді.

4. Зияткерлік меншік нысандарына құқықтар

4.1. Банк және/немесе үшінші тұлғалар, егер осындай ақпарат Сайтта тікелей көрсетілген болса, Сайтқа, онда қамтылған мәтіндік, графикалық және өзге көрімделген ақпаратқа, сондай-ақ, аудио - және басқа түрдегі өзге ақпаратқа меншік құқығын, авторлық құқықтарды және басқа барлық бейматериалдық құқықтарды өзіне қалдырады. Зияткерлік меншік нысандарына құқықтар иесінің тиісті жазбаша рұқсатынсыз Сайттың мазмұнын және онда қамтылған ақпаратты тираждауға, таратуға, түрлендіруге, толықтыруға немесе көшірмелеуге тыйым салынады.

4.2. Сайттың мазмұнынан дәйексөз алуға тек тиісті ақпарат алынған дереккөзге сілтемені көрсетумен ғана рұқсат етіледі, және бұл Банк мүдделеріне қысым жасалмағанына байланысты болады.

5. Құпиялылық және жауапкершіліктен бас тарту

5.1. Банк пайдаланушылар (мысалы, электрондық хатты жіберген, мәлімдемені толтырған кезде) ерікті түрде ұсынған деректерден басқа сайтта пайдаланушылардың жеке деректерін жинамайды. Пайдаланушы осылайша ұсынатын кез келген ақпарат үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз, және Банк ақпаратты тек пайдаланушы оны ұсынған мақсатта ғана пайдаланады.

5.2. Сайттың жұмысы үшін «Cookie» файлдары пайдаланылады. Cookies – бұл Сайт сәйкестендіру, Сайттың ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету және жеделдету үшін пайдалануы мүмкін қызмкеттік ақпараттық файлдар. Сіз «Cookie» файлдарын пайдаланудан ғаламтор-браузеріңіздің баптауларының көмегімен бас тарта аласыз, және бұл Сайт ұсынатын барлық мүмкіншіліктерді пайдалануды жоққа шығарады.