Бастапқы бет/Дербес банкинг

Дербес банкинг

First Heartland Bank сенім, қауіпсіздік және қатаң құпиялылық қағидаттарына негізделген «Дербес банкинг» қызметін ұсынады.

«Дербес банкинг» банк операцияларын, сондай-ақ, инвестициялық өнімдер бойынша ақыл-кеңестерді жүргізген кезде дербес қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ескереді.

Банк операцияларынан басқа, сіз First Heartland Securities компаниясынан брокерлік қызметтеріне және First Heartland Capital компаниясынан активтерді сенімді басқару бойынша қызметтеріне қол жеткізе алатын боласыз.

Біздің мамандар Сіздің қалауларыңыз бен қажеттіліктеріңізге сүйене инвестициялау стратегиясын жасап шығаруға көмектесіп, қазақстандық және шетел қор нарықтарында инвестициялау мәселелері бойынша ақыл кеңес-береді, капиталды сақтау және көбейтудің тиімділігі жоғары бағдарламаларын әзірлеп береді.

Банк және Топ қызметтері
Банк операциялары:
  • Шоттарды ашу және жүргізу
  • Айырбастау және ақша аударымдары
  • Кассалық қызмет көрсету
  • Депозиттер
  • Брокерлік қызмет көрсету
  • Банк карталары
Брокерлік қызмет көрсету қызметтері
Активтерді басқару бойынша қызметтер