First Heartland Bank-те Балаларды қорғау күнін атап өтті

2 маусымда First Heartland Bank балаларды қорғау күнінің құрметіне банк қызметкерлерінің балалары үшін мереке ұйымдастырған болатын. Кішкентай қонақтар үшін шараларға толы әрі еліктіргіш бағдарлама әзірленді.

Балаларды оларды кішкентай суперқаһармандарға, перілерге, трансформерлерге және басқа кейіпкерлерге айналдырған аквагримерлер қарсы алды. Кейбір балалар тіпті аквагримерлерді FHB логотибін салып беруді сұраған.
«Фиксиктер» бейнесіндегі аниматорлар балалар үшін байқауларды, билерді және викториналарды қамтыған бағдарламаны дайындады. Сондай-ақ балалар жеміс-жидектер, сусындар және тәтті мақта секілді ас-шайды ішіп-жеп тойып алды.
Бағдарламаның түйіні болып қомақты өлшемі мен қаһарлы ақыруына қарамастан балаларға мерекелік көңіл-күй мен көптеген жағымды  сезімдерді сыйлаған үшметрлік Рекс атты динозавр атанды. 
Мерекенің соңғы бөлігінде аниматорлар физика және химия заңдарының қалай жұмыс істейтіндері жайлып айтып көрсетті. 
Және, әрине, сыйлықтарсыз мереке болады ма екен? Мерекеге келген барлық балалар FHB тарапынан жас суретші жинағын және дәмді тосын сыйларды алды!


Банк мерекеге бірнеше апта бұрын банк қызметкерлері балалары арасында «Менің әкем/менің анам – банкир» атты балалар суретінің байқауын бастаған болатын. 

Біз үшін балалардың өз ата-аналарын жұмыста қалай елестететіндерін біліп алу қызықты болды.  Осы байқауға өте көп қатысушы, бұған қоса әр түрлі қалалардан жауап қайтарғаны бізді өте қуантты, - дейді Давид Машури, FHB тәуелсіз директоры. Балалар мейрамына дейін бірнеше күн бұрын, біз Алматы филиалының фойесінде банкті ұзақ уақыт бойы безендіріп тұрған балалар суреттері ілінген стендті ұйымдастырғанбыз, - деп қосты ол.

Күлкілер, шаттыққа толы көздер – мерекенің ойдағыдай өткенінің үздік растамасы!