«Белдеу мен жол» бастамасы: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер

23 мамырда Алматыда First Heartland Bank ұйымдастырған «Белдеу мен Жол» бастамасы: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық бизнес-конференциясы өтті.

Іс-шараға First Heartland Bank Тәуелсіз директоры Давид Машури, «Назарбаев Университетінің» Президенті Шигео Кацу, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы (2007-2009), Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесінің Мүшесі Болат Нұрғалиев, Джордж Вашингтон Университетінің жетекші экономисті,  Джон Хопкинс Университетінің (АҚШ) заманауи халықаралық зерттеулер мектебінің адъюнкт-профессоры Шахид Юсуф, DBS Инвестициялар жөніндегі Директоры ВЭЙ ФУК және DBS Клиенттермен қарым-қатынас жөніндегі менеджері Наталья Марусич қатысты.

Конференция барысында спикерлер «Белдеу мен Жол» бастамасының қиыншылықтары мен болашағын талқылап, оның отандық бизнестің дамуына және Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін талқылады.

Алғаш рет «Белдеу мен жол» жобасы жайлы сөз 2013 жылы қозғалған болатын. Қазақстан осы бастаманы қолдаған алғашқы елдердің бірі болды. Бүгінгі күнде ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, биыл наурыз айында тарихтағы алғаш жүк пойызы Нидерландтан Қытайға жөнелтілген болатын. Сапардың 11 мың километрінің 3000-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді.

Біздің ел бірегей географиялық жерде орналасқан және Еуразиялық құрлықтың ортасында жатыр, бұл оған BRI шеңберінде өзінің әлеуетін толығымен ашуға мүмкіндік береді. Болат Нұрғалиевтың айтуынша, Қазақстанның BRI-ге белсенді қатыстырылуы табиғи және қонымды сипатқа ие.

«Ол мегажобаны іске асырудан, атап айтқанда, сауда тосқауылдарын нивелирлеу, қаржы ресурстарын тарту, транзиттік-тасымалдау логистикасын жаңарту және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатымен түйіндесу түріндегі мультпликативік нәтижені салыстыра тексерілген бағасынан туындайды, - деп хабарлайды Нұрғалиев мырза.

BRI-ді зерттеумен айналысатын Шахид Юсуфтың пікірінше, жобаны іске асырғаннан кейін негізгі пайданы Қытай алатын болады. Юсуф мырза BRI Қытайға артық өндірістік қуаттарын құрылыс, көлік және телекоммуникациялық секторларда іске асыруға мүмкіндік беретін болады деп атап көрсетті. 

«Қытай қаржыландыратын жобалардың шамамен 89 пайызы қытайлық компанияларға берілді» - деп хабарлайды Шахид Юсуф.

Осыған қоса, Юсуф мырза BRI қытайлық экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.«BRI Қытайға мұнай өнімдерінің жеткізілімдерін әртааптандыруға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жақында салынған көлік инфрақұрылымы Таяу Шығыс пен Еуропа нарықтарына тауарларды жеткізу уақытын қысқартады» - деп баяндайды Юсуф.

Сарапшының пікірінше, Қазақстан логистикалық орталықтарда да,  елдің басқа жерлерінде де қосылған құнның артуының арқасында табыс ала алатын болады.

«Қорғос құрлық порты және оған таяу орналасқан Индустриялық парк - бұл логистикалық кластерді құрудың басталуы. Алтыкөл бекеті арқылы өтетін теміржол қозғалысының тез өсуі, жүк тасымалдарының өсу болашағы сияқты үміттендіреді» - деп баяндайды Юсуф мырза. 

Іс-шараның қорытындылары бойынша спикерлер BRI-дің Қазақстанға ықпал етуі жайлы екі негізгі пікірді атап көрсетті. Біріншісі - осының Қазақстан үшін республиканың дамуына себептесетін жемісті үдеріс екендігінде. Екінші көзқарас жобаны іске қосу негізінен Қазақстанның BRI бойынша экономикалық серіктестеріне пайдалы және республиканың өзіне азырақ әсер ететініне негізделген. 

Ақырында First Heartland Bank Тәуелсіз директоры Давид Машури бизнес, банк секторының сарапшылары мен ғылыми экономистері жиналатын осындай диалогтардың маңыздылығын атап көрсетті, себебі осындай кездесулер өзгеретін реалийлерді талдауға және BRI тарапынан қазақстандық экономикаға және отандық бизнеске түсетін жағымды әсерін ұлғайту үшін шешімдерді іздестіріуге көмектеседі.

«BRI-ді суда жүзіп келетін және толқындарды тудыратын алып кемемен салыстыруға болады. Біздің оларға қалай жауап қайтаратынымыз көп жағдайда бізді шайып кететіндігін немесе біздің оған бейімделіп, толқын ұстап жаңа деңгейге шығатынымызды анықтайтын болады, – деп қорытындылады Давид Машури.