Тақырыбы First Heartland Bank жаңартылған сайтына қош келдіңіз!

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Басты өзгерістер сайттың стилін, ақпаратты беруді және функционалын қозғады.
Жаңартылған сайт Банк туралы, Корпоративтік клиенттер үшін және FH Group атты 3 тараудан тұрады.

Банк туралы тарауда басшылық, банк тарихы, құжаттама және есептілік, сонымен қатар талдам мен жаңалықтар ұсынылған.  Бұдан басқа, осы тарауда сіздер банк деректемелерін, филиалдардың байланыс деректерін және интернет-банкингпен жұмыс бойынша ақпаратты таба аласыздар.

Корпоративтік клиенттер үшін тарауында банк қызметтері туралы барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ, тарифтер мен жұмыс жағдайлары қамтып көрсетілген. 

FH Group тарауы банк серіктестері – First Heartland Securities брокерлік компаниясының және First Heartland Capital активтерді басқару бойынша компанияның сайттарына жолдайды.

Осыған қоса, жуырда валюта бағамдарын, кері байланыс нысанын қоса алғанда қосымша тараулар және функциялар, сонымен қатар, біздің жаңалықтарға жазылуды рәсімдеу мүмкіндігі және басқалары қосылатын болады. 

Біздің сайттың Сіздер үшін пайдалы болатынына үміттіміз!

Егер Сіздерде сайтпен жұмыс бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз пайда болса, мекенжайына жазыңыздар.