Бастапқы бет
Біз туралы
Қызметтер
Тарифтер және шарттар
Құжаттар
Интернет-банкинг

Жаңалықтар

Құрметті клиенттер!

Осымен бұрын «Банк ЭкспоКредит» Акционерлік Қоғамы деп аталған «First Heartland Bank» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі - «Банк») 2018 жылғы 8  қаңтардан бастап Банк атауының өзгергендігі туралы хабарлайды. «First Heartland Bank» Акционерлік Қоғамы барлық құқықтар және міндеттемелер бойынша «Банк ЭкспоКредит» Акционерлік Қоғамының құқықтық мирасқоры болып табылады.

Біз жуырдағы уақытта Банк сайтының, сыртқы маңдайшаларының, жарнамалық материалдарының және ақпараттық жүйелерінің ребрендингісі бойынша барлық жұмыстарды жүргізуді жоспарлаудамыз.

Банк атауының өзгергендігіне байланысты Сізден келесі ақпаратты назарға алуды сұраймыз:

  • Банктің жаңа атауы: «First Heartland Bank» АҚ. Заңды мекенжайы: Алматы қ., Қажымұқан көш., 45. Шарттар бойынша өз серіктестеріне қызмет көрсетуші Банктің өзгеруі туралы ақпаратты жеткізуді және шоттар (инвойстар) ұсыну кезінде, Сіздің пайдаңызға төлемді жүзеге асыру кезінде Банктің жаңа атауын пайдалану қажет екендігін хабарлауды сұраймыз
  • Сіздің шоттардан төлемдерді жүзеге асыру кезінде, Банктің жаңа атауын пайдалануды сұраймыз
  • Банктің заңды мекенжайы және банктік деректемелері өзгеріссіз қалады
  • сыртқы-экономикалық қызметті жүзеге асырумен байланысты жаңа келісім-шарттар жасау кезінде Банктің жаңа атауын көрсету керек
  • банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасауды жоспарламайды, бұл ретте, егер шарттар талаптарымен осындай қосымша келісімдердің жасалуы қарастырылса, бұл туралы Сіздің шот менеджеріне хабарлау керек
  • Банк атауының өзгеруі туралы қосымша ақпарат Сізге банктік шот бойынша Үзінді көшірмеге қосу арқылы ұсынылады

Сонымен қатар Банк атауының өзгеруі нәтижесінде Банк қызметкерлерінің электронды пошта мекенжайының @expocredit.kz нұсқасынан @fhb.kz нұсқасына өзгергендігін хабарлаймыз. Осы өзгерістер Банк қызметкерлерінің жеке пошталық мекенжайларына да, келесі бөлімдердің жалпы пошталық мекенжайларына да қатысты: Валюталық бақылау бөлімі (с[email protected]), Қазынашылық ([email protected]).

Өтінеміз, төлем құжаттарын толтыру және Банк қызметкерлерінің электронды мекенжайларын жазу кезінде мұқият болыңыз

Қосымша ақпарат алу үшін клиенттермен жұмыс жасау бойынша менеджерлерге, шот менеджерлеріне Алматы қ. телефондар бойынша жүгініңіз: 244 0176, 244 0177, 244 0183, немесе 244 0184.

Сіздің қызмет көрсетудің жалғасатындығына үміт артамыз және болашақта біздің серіктестік қатынастарын сақтау үшін барлық күшімізді саламыз

Құрметпен және ізгі тілекпен

«First Heartland Bank» АҚ