Бастапқы бет
Біз туралы
Қызметтер
Тарифтер және шарттар
Құжаттар
Интернет-банкинг

Бұған дейін «ABN Amro Банк Қазақстан» ЕАБ» АҚ және «RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ деп аталған «First Heartland Bank» акционерлік қоғамы Қазақстан нарығында 1994 жылдан бері қызмет етуде. Банк құрылған күннен бастап банк секторының сенімді әрі кәсіби серіктесі, өнім инновациялары және қызмет көрсету сапасы салаларында көшбасшы беделіне ие болды. Банктің Қазақстанда Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы 3 филиалмен ұсынылған.

«First Heartland Bank» АҚ қызметінің басым бағыты болып корпоративтік клиенттерге кешенді қызмет көрсету табылады. Банк бизнесінің сенімді әрі тұрақты моделі, банктің нарық жағдаяты мен әртүрлі өнеркәсіп салаларын білу нарықтық және нормативтік өзгерістерді дер кезінде ескеруге мүмкіндік береді.

Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ

Корпоративтік, дербес және сандық банкинг салаларына маманданған қазақстандық үздік қаржы институттарының ондығына кіру.

МИССИЯ

Бүгінгі таңдағы құндылықтарды сақтап, өткеннің дәстүрін құрметтей отырып, сенімді болашақты қамтамасыз ету.

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

  • қаржылай тұрақтылық және қисынды тәуекел профилі - сақтанымпаздық инвестициялық саясат және активтерді ойластыра басқару жағдайында кірістілік деңгейін сақтау.
  • инновациялар - банк саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалану.
  • жоғары басқару стандарттары - ашық түрде басқару және барлық деңгейлерде әлемдік корпоративтік басқару стандарттарын енгізу.
  • клиентке бағдарланушылық - қызметтерді клиенттердің қажеттіліктеріне бейімдеу.
  • ел экономикасының дамуына үлес қосу - тұрақты даму қағидаларын ұстану және қазақстандықтардың қаржы қызметтерін қолдану мүмкіндіктерін кеңейту.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Адалдық, Сенімділік, Тұрақты даму, Инновацияларды қолдану және Сапа – компанияның ұжымы өз қызметінде тап осы құндылықтарды басшылыққа алады. Біз осы құндылықтарға сүйене отырып, FHB компаниясын тұрақты даму жолына бағыттай алатынымызға, ал банк клиенттерінің жоғары білікті әрі клиентке бағдарланған қызметтерге қол жеткізетіндігіне сенімдіміз.

Адалдық

Біз жетістікке қол жеткізу үшін өзіміздің, клиенттеріміздің, қызметкерлеріміз бен серіктестеріміздің алдында адал болуымыз керек екендігіне сенімдіміз. Адалдық сенімді қалыптастырады, бұл өз кезегінде адамдар  мен бизнестің барлық бағыттар бойынша даму тетігі болып табылады.

Сенімділік

Сенімділік - бұл клиенттің қаржы институттарынан күтетін басты үміті болып табылады және біз мұны жіті түсінеміз. FHB компаниясының сенімділігі мұнда проблемалық қарыздардың жоқтығының арқасында банктің өтемпаздығына кепілдік беретін сақтанымпаздық инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуына, сондай-ақ қызметкерлер құрамының жоғары біліктілігіне және олардың жоғары қызмет деңгейін қамтамасыз ететіндігіне негізделеді.

Тұрақты даму

Біз қысқа мерзімді пайда көруге ұмтылмаймыз. Біз клиенттердің, қызметкерлердің, акционерлердің және жалпы қоғамның мүдделерін ескере отырып, банктің ұзақ мерзімді, тұрақты әрі біртіндеп дамуын құп көреміз. Біз әлеуметтік және экологиялық бағдарланған жобаларды қолдап, жүзеге асыру арқылы тұрақты дамудың басты критерийлерін басшылыққа аламыз.

Инновацияларды қолдану

Біз бір орында тоқтап қалуды қаламаймыз. Біз клиенттерге бірегей әрі пайдалы шешімдер ұсыну үшін нарықтың барлық сын-тегеуріндеріне жауап қайтаруға ұмтыламыз, халықаралық тәжірибе мен инновацияларды зерделейміз.

Сапа

Біз үздік болуды қалаймыз. Сондықтан біздің қызметіміздің әр аспектісі жоғары сапа мен кәсіпқойлылықтың үлгісі болуына талпынамыз. Мұндай талпыныс қызметкерлердің өз жұмысының тиімділігін арттыруына, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландырып, жаңа идеяларды ойластыруына және инновацияларды енгізуіне ынталандырады. Осының арқасында клиент үздік қызметтер мен сапалы өнімдерге қол жеткізеді.